Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Асу Алмабаевтың топ-файтермен айқасы: жекпе-жек күні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
12.12.2025, 10:37

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев әлемдік рейтингте жоғары тұрған топ-файтермен жекпе-жек өткізеді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) UFC-де келесі жылдың көктемінде октагонға шығады.

«Вестник ММА» мәліметіне сенсек, Алмабаев 1 наурызда Мексиканың Мехико қаласында өтетін UFC Fight Night 269 турнирінде бақ сынайды. Оның қарсыласы мексикалық спортшы Брэндон Морено (23-9-2) болады.

Асу Алмабаев қазіргі уақытта UFC жеңіл салмақтағы рейтингінде жетінші орында, ал Брэндон Морено төртінші орында. Соңғы жекпе-жегінде Алмабаев америкалық Алекс Переске (25-10) қарсы жекпе-жекте қылқындыру әдісін сәтті қолданып, үшінші раундта жеңіске жетті, ал Морено екінші раундта жапон өкілі Тацуро Тайраны (18-1) мерзімінен бұрын жеңді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары