Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының менеджері титулдардан айырылу қаупі туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
22.12.2025, 22:21

IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан допинг дауына байланысты жағдай ушығып кетсе, боксшының алдағы мансабы қалай өрбитінін түсіндірді. 

Instagram/@beriksultan
Реклама
Реклама

«Кәсіпқой бокс — үлкен бизнес»

Берік Сұлтанның сөзінше, қазіргі жағдайдың шешімі екі бағытта өрбуі мүмкін. Ол кәсіпқой бокста қаржы факторы да маңызды екенін жасырмады.

«Шынымды айтсам, бізді екі түрлі шешім күтіп тұр. Кәсіпқой бокс — үлкен бизнес. Біз Қазақстанның туын көтергіміз келеді, бірақ шетелде бокс көбіне табыс табудың құралы», — деді менеджер.

8 қаңтардағы «В» сынамасы бәрін шешуі мүмкін

Менеджердің айтуынша, негізгі мәселе — 8 қаңтарда ашылатын “В" сынамасының қорытындысы.

1-сценарий:«В» сынамасы «таза» шықса

«В» сынамасы таза болып, тыйым салынған заттар расталмаса, Жәнібек титулдарын сақтап қалады. Әрі әлемдік бокста мансабын жалғастыра береді.

2-сценарий: Тыйым салынған зат қайта анықталса

Егер қандай да бір жолмен қаннан немесе несептен тыйым салынған препарат қайта табылса, Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO белбеулерінен айырылуы мүмкін. Белгілі бір мерзімге дисквалификация қаупі бар (менеджердің болжамынша: 6 айдан 1,5 жылға дейін).

Бұл жағдайда да команда «бәрі бітті» деп тоқтамайтынын атап өтті.

«Ондай кезде депрессияға түсудің қажеті жоқ. Жаза аяқталғаннан кейін бокстағы жолымызды жалғастырамыз», — деді Сұлтан.

«Әлі кеш емес»: жас факторына қатысты аргумент

Берік Сұлтан Жәнібектің жасын да алға тартып, мансапты қайта көтеруге мүмкіндік бар екенін айтты.

Жәнібек қазір 33 жаста. Менеджер мысал ретінде тәжірибелі чемпиондарды атап өтті: Теренс Кроуфорд, Александр Усик, сондай-ақ Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев.

Бұған дейін жарияланған мәлімет бойынша, допинг-тест нәтижесінде Әлімханұлының қанынан мельдоний табылған. Осы жағдайға байланысты оның кубалық Эрисланди Лараға қарсы орта салмақта үш бірдей әлем чемпионы титулы үшін өтуі тиіс жекпе-жегі тоқтатылған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары