Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер АҚШ-та титулдық айқасқа шығатын болды

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2025, 10:10

Отандасымыз Жапония өкілімен жұдырықтасады. 

BAQ.KZ
Реклама
Реклама

Қазақстандық ММА файтері Аян Тұрсын (8-1) АҚШ-тағы беделді Cage Fury Fighting Championships (CFFC) промоушенінде чемпиондық жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды.

Аян Тұрсын жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жапониялық, осы уақытқа дейін жеңіліс көрмеген файтер Ариса Мацудамен (7-0) кездеседі.

Жекпе-жек:

  • 6 ақпанда
  • Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ)
  • CFFC 150 турнирі аясында өтеді.

31 жастағы Аян Тұрсын үшін бұл CFFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship промоушендерінде өнер көрсеткен.

CFFC 150 турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Бусурман Жумагул (4-0) мен АҚШ файтері Дэниэл Моррисон (7-2) жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулды сарапқа салады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары