Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Рой Джонс қазақ және мексикалық бокс мектебін салыстырды

Сарапшы, спорт журналисі
26.12.2025, 20:28

АҚШ-тың даңқты былғары қолғап шебері, бұрынғы әлем чемпионы Рой Джонс (кіші) қазақ және мексикалық бокс стилін салыстырып, өзіне қазақ мектебі жақынырақ екенін мәлімдеді. 

NUR.kz
Реклама
Реклама

Рой Джонс неге қазақ стилін таңдады?

Аңыз боксшының Sport Plus-та екі мектептің басты айырмашылығы жекпе-жек тактикасында деді. 

Джонс мексикалық бағытта көбіне ашық айқас пен соққы алмасуға басымдық берілетінін атап өтті. Ал Қазақстандағы бокс мектебінде, керісінше, аяқ жұмысы (футворк), яғни дәл соққы жасап, қауіпті сәтте уақытылы сытылып шығу, қорғаныстан шабуылға ауысу мәдениеті жоғары бағаланады.

«Жеке өзіме қазақ стилі көбірек ұнайды. Мексикада бәрі разменге құрылады — сен үнемі соғып та, соққы алып та жүресің. Қазақстанда “футворкке” қатты мән береді — дәл тиіп, соққыдан қашу қабілетіне. Ал Мексикада көп жағдайда бәрі сенің қаншалықты қатал, мықты бола алатыныңа келіп тіреледі», — деді Рой Джонс.

Рой Джонстың өзі қандай стиль ұстанды?

Айта кетейік, Рой Джонстың мансабында да рингтегі негізгі қарудың бірі — футворк, яғни аяқпен жұмыс жасау болған. Оның жылдам қозғалысы, арақашықтықты дәл сақтауы және қарсыласын босқа соққы жұмсатуы Джонсты өз дәуірінің ерекше боксшыларының қатарына қосты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары