Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Еркебұлан Тоқтар – Тимур Никулин жекпе-жегі алғашқы раундта нокаутпен аяқталды (Видео)

Сарапшы, спорт журналисі
26.12.2025, 23:53

Қазақстандық файтер әрі кино жұлдызы Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокс мансабындағы екінші жекпе-жегін өткізді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Жекпе-жек Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен бокс кешінде ұйымдастырылды. Онда Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық боксшы Тимур Никулинмен (9-1-2, 4 КО) жұдырықтасты. Кездесу суперорта салмақ дәрежесінде өтіп, алты раундқа жоспарланған болатын.

Алайда айқас ұзаққа созылған жоқ. Тоқтар қарсыласын алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді. Алдымен рефери Тимур Никулинге нокдаун есептеді, кейін Еркебұланның соққыларына төтеп бере алмаған қарсыласынан кейін жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Нокаут 72-секундта тіркелді.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар кәсіби рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, рекордын 2-0 (1 КО) деңгейіне жеткізді. Ал Тимур Никулин үшін бұл мансабындағы екінші жеңіліс болды.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар негізінен аралас жекпе-жек (ММА) спортында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда оның ММА-дегі рекорды — 11 жеңіс, 3 жеңіліс. Сонымен қатар, ол күнделікті өмірде актерлік қызметпен де айналысады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары