Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Махмұд Сабырхан әлемнің ең үздік боксшысы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық спортшы World Boxing ұйымы жариялаған байқауда жылдың үздік боксшы атағына ие болды.

Махмұд Сабырхан әлемнің ең үздік боксшысы атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл шешім әлеуметтік желілерде жүргізілген дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды.

Дауыс беру барысында жанкүйерлер Махмұд Сабырханды өзбекстандық Жавохир Умматалиев, Фазлидин Эркинбоев, бразилиялық Луис Оливейра және Юри Фалькаомен салыстырып, үздігін анықтады. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыластарынан айқын басым түсіп, жеңіске жетті.

Махмұд Сабырхан жайлы

2001 жылы дүниеге келген Махмұд Сабырхан қысқа уақыт ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанса, 2021 жылы әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 2024 жылы Азия чемпионы болып, 2022 жылы құрлықтық жарыста екінші орыннан көрінді.

Бұдан бөлек, жыл үздігі атағы үшін өткен бәсекеде Сабырхан үндістандық боксшылар Жасмин Ломбария мен Минакши Ходаны, норвегиялық Суннива Хофстадты және польшалық Агата Качмарсканы артта қалдырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір