Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Махмұд Сабырхан елге үндеу жолдады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:07

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде жұртшылыққа арнап жазба жариялады. 

instagram/@sabyrkhan_makhmud
Реклама
Реклама

«Жыл жетістікке толы болды»

Боксшы жыл қорытындысына тоқталып, өзіне, отбасына және ел спортына маңызды кезең болғанын атап өтті. Сабырханның айтуынша, інісі Төреханмен бірге әлем чемпионатында топ жарып, қазақ боксының тарихына есімдерін жазды. Сонымен қатар оның өзі әлемнің үздік боксшысы ретінде бағаланғанын ерекше айтты.

Instagram парақшасында жариялаған жазбасында спортшы еңбектің бағасын былай жеткізді:

«Әр дайындық — маңдай тер, әр тер — жеңіске жасалған қадам. Қиын сәттер болды, тоқтағың келетін кездер де кездесті. Бірақ берілмедім. Себебі спорт тек денені емес, мінезді де шыңдайды. Жаңа жылда да ел сенімін ақтау үшін осы жолдан таймаймын — бәрі Алланың қалауымен», — деді Махмұд Сабырхан.

World Boxing: екі номинацияда жеңімпаз

Еске сала кетейік, World Boxing ұйымы Махмуд Сабырханды 2025 жылдың үздік боксшысы деп таныды. Бұдан бөлек, ұйым жанкүйерлері оның филиппиндік Аарон Джудқа қарсы жекпе-жегін жылдың ең үздік айқасы ретінде таңдаған.

Аталған кездесу шілде айында Астанадағы әлем кубогының ширек финалында Махмұдтың екінші раундтағы техникалық нокаутымен аяқталған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары