Реклама
Реклама

Қазақстандық ММА жұлдызы Арман Царукянға ашық түрде үн қатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
28.12.2025, 14:50

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2025 жылғы 30 желтоқсанда Ереванда (Армения) өтетін Hype FC турнирі қарсаңында Арман Царукянға қарсы шығуға дайын екенін жеткізді.

fightnews.info

Хамитов не деді?

Қуат Хамитов Instagram парақшасында жариялаған видеоүндеуінде Арменияға келгенін айтып, турнир төңірегіндегі қауесеттерге тоқталды. Оның сөзінше, Шарабутдин Магомедов (лақап аты — Шара Буллет) жарысқа келмеуі мүмкін деген әңгіме тараған.

Осыған байланысты Хамитов ұйымдастырушыларға тікелей үн қатып, қажет болса кез келген сәтте октагонға шығып, шоу көрсетуге дайын екенін айтты. 

“Hype Fighting, маған сенуге болады. Егер Арман Царукян дайын болса, мен де дайынмын”, – деген мазмұнда мәлімдеме жасады.

Бұған дейін қандай жоспар болған?

Бұған дейінгі ақпарат бойынша, Қуат Хамитов турнирдің жүргізушісі (хосты) ретінде жарияланған еді. Ал кештің басты оқиғасы ретінде UFC өкілдері — жеңіл салмақтағы рейтингі жоғары спортшы, армян тумасы Арман Царукян және Дағыстаннан шыққан орта салмақ файтері Шарабутдин “Шара Буллет” Магомедов кездеседі деп жоспарланған.

Жоспар бойынша, Царукян — Магомедов кездесуі бразилиялық джиу-джитсу (BJJ) ережесімен өтуі тиіс. Жекпе-жектің жеңімпазы 84 келіге дейінгі салмақта Hype BJJ чемпионы атағын және чемпиондық белбеуді иеленеді.

Реклама
Реклама