Қайрат Сәтжанов ұлттық команда тізгінін ұстаған кезеңін қорытындылап, 2026 жылға қатысты жоспарлар мен басты мақсаттарды атап өтті.
Сәтжановтың айтуынша, 2024 жылдың тамызында Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп оны ұлттық құрамаға шақырып, ерлер командасын басқаруды ұсынған. Сол уақыттан бері тараптар шамамен бір жарым жыл бірлесе еңбек еткен.
Ол осы кезеңде нәтиже жаман болмағанын айтып, бірнеше халықаралық жетістікті тізіп шықты.
Бапкер мәлімдемесінде төмендегі табыстарды ерекше атады:
Сәтжановтың сөзіне қарағанда, бұған дейін тәуелсіздік алғаннан бері бұл турнирде Қазақстан бар болғаны екі алтын иеленсе, осы жолы команда 5 алтын алып, жалпы есепте алға шыққан;
Сәтжанов бірқатар боксшының жеке жетістігіне де тоқталды:
Сондай-ақ Сәтжанов кейінгі IBA әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары тағы 3 алтын алып, командалық есепте Ресейден кейін 2-орын иеленгенін еске салды.
Бұрынғы бас бапкердің сөзінше, 2026 жыл да жауапты болады:
Наурызда — Азия чемпионаты;
Одан кейін — Әлем кубогының 1, 2, 3 кезеңдері;
Ең негізгі дода — қыркүйекте өтетін Азия ойындары.
Сәтжанов ұлттық құрама алтын медальдар алып, командалық есепте бірінші орынға шығатынына сенетінін айтып, шәкірттеріне сәттілік тіледі.
Бүгін Қайрат Сәтжановтың Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені хабарланды. Оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды.
Еске сала кетейік, Сәтжанов бұл қызметке 2024 жылдың тамызында келген. Ол Париждегі Олимпиада-2024 ойындарындағы сәтсіз нәтижеден кейін бас бапкер қызметін атқарған Мырзағали Айтжановты алмастырған еді.