10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бақыт Сәрсекбаев жаңа қызметке тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі
10.01.2026, 16:29

Атақшы спортшы енді Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырады. Ал бұған дейін осы қызметте еңбек еткен Мақсат Бақтыбазаровтың қайда жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. 

Aikyn.kz

Қазақстан боксында бірқатар маңызды кадрлық өзгеріс орын алды. Олимпиада чемпионы, танымал бапкер Бақыт Сәрсекбаев енді Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырады. Бұл туралы qrsport.kz хабарлады. 

2024 жылдың соңында құрылған U22 жастар құрамасы жобасы өз жұмысын тоқтатты. Алайда бұл құрамдағы боксшылар ұлттық құраманың негізгі сапына қосылады.

Бақыт Сәрсекбаев кімді алмастырды?

Осы өзгерістер аясында Бақыт Сәрсекбаевқа жастар құрамасының тізгінін ұстау сеніп тапсырылды. Бұл қызметте ол Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Жаңа тағайындау қазақстандық бокстың жас буынын жүйелі түрде дайындауға, сондай-ақ болашақ ұлттық құраманың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Айта кетейік, бүгін, 10 қаңтар күні бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кетті. Оның орнына бұл лауазымға Нұржан Насанов тағайындалды. 

Оқи отырыңыздар: 

Өзбек боксының қазақ қаһарманы уругвайлық нокаушымен жұдырықтасады

Төрехан Сабырхан ойнап жүріп Еркебұлан Тоқтарды "сан соқтырды"

Реклама
Реклама