Отандасымыз 9 мамыр күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» Өзбекстан өкілімен шеберлік байқасады.
Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев алдағы маңызды айқас қарсаңында жанкүйерлерге үн қатты.
Қазақстандық боксшының айтуынша, алдағы айқас мансабындағы маңызы ерекше жекпе-жек болғалы тұр.
«Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды. 9 мамырда Ташкентте мен тек жеңіс үшін емес, мансабымның жаңа тарауын бастау үшін рингке шығамын. Жанкүйерлер менің үлкен жекпе-жектер мен үлкен жеңістерге қаншалықты аш екенімді көреді. Бұл айқас шын мәнінде жарылғыш болады», — деді Батыр Жүкембаев.
Отандасымыз 9 мамыр күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» Өзбекстан өкілі, нокаутер ретінде танымал Шохжахон Эргашевпен (26-2, 23 KO) жұдырықтасады.
Батыр Жүкембаев соңғы рет 2025 жылдың сәуір айында Астанада рингке шыққан. Ол кезде қазақстандық боксшы британдық Кейн Гарднерді (18-5, 7 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.