Қазақстандық өрт сөндіруші ММА-дан Азия чемпионатында жүлде алды
Жарнама
Жарнама
Құрлықтық дода жуырда Қытайдың Лучжоу қаласында өтті.
2026 жылғы 9–12 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Лучжоу қаласында GAMMA MMA (Global Association of Mixed Martial Arts) ұйымының қолдауымен аралас жекпе-жек өнерінен Азия чемпионаты өтті. Аталған турнирге құрлықтың үздік спортшылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Марат Сражатов қола медаль иеленді. Ол жекпе-жектерде жоғары дайындық пен қайсар мінез танытып, Қазақстан намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.
Айта кетейік, GAMMA MMA Азия чемпионаты аралас жекпе-жек өнеріндегі ең беделді құрлықтық жарыстардың бірі саналады.
Оқи отырыңыздар:
Допинг дауына іліккен зілтемірші жоғары лауазымға тағайындалды
Жарнама
Жарнама