ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

ҚПЛ клубы екі бірдей қазақстандық ойыншыны қатарына қосты

"Жетісу" жаңа маусымға дайындығын бастап кетті.

ҚПЛ клубы екі бірдей қазақстандық ойыншыны қатарына қосты
"Жетісу" ФК

Талдықорғандық «Жетісу» клубы екі ойыншымен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Команда қатарына «Оқжетпестің» қақпашысы Данил Подымский мен «Тұранның» шабуылшысы Шоқан Абзалов қосылды.

2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымында Подымский «Оқжетпес» құрамында небәрі екі матчқа қатысып, сегіз гол жіберіп алды. 27 жастағы қақпашы кәсіби мансабында «Алтай», «Каспий» және «Астана» клубтарының да намысын қорғаған.

Абзалов өткен маусымда «Тұран» сапында 20 ойын өткізіп, бір гол соқты. Шоқан бұған дейін «Қайсар», «Байқоңыр», «Оқжетпес», «Қызылжар» және «Атырау» клубтарында да өнер көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.