Боксшының допинг-сынамасынан мельдоний табылған еді. Келесі аптада соның қорытындысы жариялануы тиіс.
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Оған сәйкес, орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалған. Федерацияның ресми рейтингінде оның мәртебесінде өзгеріс жоқ.
Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі тиіс болды. Алайда айқасқа бірнеше күн қалғанда оның допинг-сынамасынан мельдоний табылғаны белгілі болып, жекпе-жек тоқтатылды.
Ал 8 қаңтарда B сынамасы ашылды. Сынамалар бойынша қорытынды нәтиже келесі аптада жариялануы тиіс.
IBF рейтингінде тағы бір қазақстандық боксшы өз орнын сақтап қалды. Сұлтан Зәуірбек — екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орында тұр. Бұл дивизионда алғашқы екі орын әзірге бос, ал IBF чемпионы — мексикалық Эдуардо Нуньес.
Оқи отырыңыздар: