ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қуат Хамитовтың кезекті айқасына негізгі кедергі айтылды

Қуат Хамитов пен ресейлік Алексей Махно арасында жекпе-жек өтуі мүмкін. 

Қуат Хамитовтың кезекті айқасына негізгі кедергі айтылды
NUR.KZ

ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев Қазақстанда Қуат Хамитов пен ресейлік Алексей Махно арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Бадаевтың айтуынша, басты мәселе — Қуат Хамитовтың Қазақстан аумағында өнер көрсетуге дайын болуы мен мүмкіндігіне байланысты.

«Мәселе Қуат Хамитовтың Қазақстанда жекпе-жек өткізе алуында. Егер ол дайын болса, біз бұл нұсқаны қарастыруға әзірміз», — деді лига вице-президенті.

Сонымен қатар, функционер Алексей Махноның болашағы да осы жекпе-жекке тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Қазір біз Махноға мүмкіндік беріп-бермеу мәселесін шешіп жатқан жоқпыз. Бірақ егер мүмкіндік берсек, Қуатпен жекпе-жек болады. Соңғы әңгімемізде дәл осы сценарий талқыланды», — деді Бадаев.

Хайп пен интрига

Асланбек Бадаев бұл айқастың жанкүйерлер үшін өте қызықты болатынына сенімді:

«Бұл соңғы жекпе-жек ретінде өте қызық тарих болар еді. Қуат хайп жасай біледі, ал Алексей де оған лайықты жауап береді деп ойлаймын», — деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыздар: 

Жалғас Жұмағұлов Еуропаның үздік файтерлері қатарына енді

Кикілжің болмаған ба? Мбаппе Хаби Алонсоны құтқармақ болған

Қайрат Ахметов қашан чемпионы болатыны айтылды

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.