«Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен кетуден арашалап қалуға тырысқан.
Ақпаратқа сәйкес, франциялық футболшы Испания Суперкубогының финалы алдында, «Барселонаға» қарсы матч қарсаңында Алонсоның клубтағы жағдайы қиын екенін түсінген. Осыған байланысты Мбаппе жарақатынан толық айықпағанына қарамастан, ойынға шығуға келісім берген.
Айта кетейік, Мбаппе мен Алонсоның қарым-қатынасы жақсы екені айтылады. Дегенмен бұған дейін «Барселонадан» жеңілгеннен кейін бапкердің қарсыласқа «чемпиондық дәліз» жасау туралы ұсынысына Мбаппе қарсы болған. Сол ойында матч аяқталысымен ол «Реал» футболшыларын бірден киім ауыстыратын бөлмеге алып кеткені де еске салынды.
Сонымен қатар 12 қаңтарда Мбаппе Хаби Алонсоның қызметтен кеткені жөнінде алғаш болып ашық пікір білдірген ойыншы атанған.