ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Ұлттық құрама қақпашысы мансабын шымкенттік клубта жалғастырмақ

Қазақстан құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада «Ордабасы» клубымен келісімшартын ұзартты.

Ұлттық құрама қақпашысы мансабын шымкенттік клубта жалғастырмақ
Бекхан Шайзада. Фото: ҚФФ

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 жастағы шымкенттік қақпашы командада қала береді. Шайзада жанкүйерлер үшін айрықша футболшыға айналып, ұжымның рухына әрдайым үлес қосып жүргені атап өтілді. Сондай-ақ клуб оның алдағы мақсаттарға жетудегі рөлі маңызды екенін жеткізді.

Айта кетейік, Бекхан Шайзада кәсіби мансабының барлығын «Ордабасы» сапында өткізген. Өткен маусымда ол барлық турнирде 24 матчқа қатысып, 26 гол жіберді. Transfermarkt порталы футболшының құнын 500 мың еуро деп бағалап отыр.

Ал «Ордабасы» былтырғы маусымда ҚПЛ-де 35 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орынға тұрақтаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.