Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" сапында дебют жасап, гол соға жаздады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Грозныйдың "Ахмат" ФК Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиынында алғашқы бақылау матчін өткізді. 

Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" сапында дебют жасап, гол соға жаздады (ВИДЕО)
instagram/@akhmatgrozny

Кенжебек екінші таймда алаңға шықты

"Ахмат" Сербияның "Нови-Пазар" командасымен кездесті. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек матчты қосалқы құрамда бастады. Ол екінші таймда алаңға қосылып, 66-минутта есеп ашуға өте жақын болды. Қауіпті сәтте тепкен добы қақпадан сәл жоғары кетті.

Алайда көп ұзамай сербиялықтардың қарсы шабуылы нәтиже берді. 71-минутта "Ахмат" сапындағы тунистік қорғаушы Гандри өз қақпасына автогол соғып алды. 

Кездесу "Нови-Пазардың" 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Кенжебектің "Ахматтағы" алғашқы ойыны

Ғалымжан Кенжебек ресейлік клубқа ресми түрде 10 қаңтарда қосылған. Белектегі бүгінгі матч оның грозныйлық команда құрамындағы дебюттік кездесуі болды.

Айта кетейік, РПЛ маусымының алғашқы бөлімі қорытындысы бойынша "Ахмат" 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орында тұр.

Ал "Нови-Пазар" 2024/2025 маусымында Сербия чемпионатында қола жүлдеге ие болып, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Дегенмен, алғашқы іріктеу раундында Польшаның "Ягеллония" (Белосток) командасына жол берді: екі матчтың қорытынды есебі — 2:5.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір