Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанның бес дүркін чемпионы жаңа бас бапкерді таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі

Павлодардың "Ертіс" ФК бас бапкер қызметіне беларусьтік маман Кирилл Альшевскийдің тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Қазақстанның бес дүркін чемпионы жаңа бас бапкерді таныстырды
Instagram/@ertis_fk

Ресми мәлімдеме

Клуб ақпаратында: "Кирилл Альшевский —"Ертіс" ФК бас бапкері" деп көрсетіліп, жаңа бапкердің тәжірибесі мен жұмыс істеген командалары аталды.

Беларусьтік маман әр жылдары бірқатар клуб пен футбол құрылымдарында еңбек еткен. Атап айтқанда:

  • "Рух" 
  • "Лиепая" 
  • БАТЭ (Борисов)
  • РУОР
  • Минскінің "Динамосы" 
  • Беларусьтің жастар құрамалары жүйесі

Сондай-ақ Альшевскийдің жетекшілігімен Борисовтың БАТЭ клубы ел футболындағы көшбасшы мәртебесін сақтап, ұлттық деңгейде нәтижелі маусым өткізді. Команда чемпионаттың күміс жүлдегері атанып, Беларусь кубогын жеңіп алды. 

Маманның соңғы жұмыс орны — Мәскеудің "Велес" клубы болған.

"Ертістің" мәртебесі және 2026 жылғы жоспар

Еске салайық, павлодарлық "Ертіс" — Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Команда ел біріншілігінде алтын медальді 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдары жеңіп алды. 

Өткен маусымда "Ертіс" Бірінші лигада екінші орын иеленді. Нәтижесінде павлодарлық клуб 2026 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) ойнау құқығын алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір