Қайрат Ахметов қашан чемпион болатыны айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев қазақстандық файтердің промоушендегі дебюті мен спорттық мансабына қатысты пікір білдірген еді. 

Қайрат Ахметов қашан чемпион болатыны айтылды
Vesti.kz

ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің (31-2) промоушендегі дебютін жоғары бағалап, оның чемпиондық жекпе-жекке дейін жету мүмкіндігін атап өтті.

Қаңтар айының басында Қайрат Ахметов Грозный қаласында өткен ACA 198 турнирінде октагонға шығып, ресейлік Мансур Хатуевті (16-6) төрешілер шешімімен жеңді. Бұл жекпе-жек қазақстандық спортшы үшін ACA лигасындағы алғашқы кездесу болды.

Асланбек Бадаевтың айтуынша, бұл айқас жоғары деңгейде өтті:

«Қайрат — үлкен есім, тәжірибелі файтер. Жекпе-жек те ұнады. Екі спортшы да жинақы, сабырлы, бірақ шешуші сәттерде өте қауіпті болды. Контршабуылдар, дәл уақыттағы жарылыстар, шебер қорғаныс — бәрі болды. Нәтижесі даулы көрінгенімен, төрешілер шешіміне сенеміз», — деді Бадаев.

ACA және бұрынғы ACB тарихында Қазақстаннан әлі бірде-бір чемпион болмаған. Асланбек Бадаев осы ретте, Қайрат Ахметов бұл олқылықтың орнын толтыра алатынына сенімді:

«Неге болмасқа? Ол топ-10 немесе топ-15 деңгейіндегі қарсыласты жеңді. Енді тағы бір-екі жеңіс — және ол топ-10-ға кіреді. Ал бұл титулдық жекпе-жекке апаратын тура жол. Барлығы оның дайындығы мен ішкі мотивациясына байланысты», — деді лига өкілі.

Егер Қайрат Ахметов алдағы кездесулерде де жеңісті жолын жалғастырса, ол ACA тарихындағы алғашқы қазақстандық чемпион атануы әбден мүмкін. Бұл тек оның жеке жетістігі емес, Қазақстан ММА-сы үшін де маңызды кезең болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір