Реклама
Реклама

Отандық бокстағы кезекті ауыс-түйіс

Сарапшы, спорт журналисі
16.01.2026, 19:34

Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) басшылық құрамында кадрлық рокировка жүргізді. Сидней-2000 Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков ҚБФ-тың жалпы мәселелер бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды. 

фо ашық дереккөздерден алынды

Мұхтархан Ділдәбековке қандай міндет жүктелді?

ҚБФ-тың ресми Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес:

Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков — Олимпиада ойындарының және бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

2024 жылдың ақпанынан бері ҚБФ-те жаттықтырушылар құрамымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарған;

Енді ол отандық боксты дамыту, сондай-ақ ішкі үйлестіру бағыттарына жауап береді.

Бұрынғы қызметіне кім келді?

Айта кетейік, Ділдәбеков бұған дейін ҚБФ-те жаттықтырушылар құрамымен жұмысқа жауапты вице-президент болатын. Алайда бүгін бұл лауазымға Қазақстан ерлер құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжанов ресми түрде тағайындалды.

Еске сала кетсек, Қайрат Сәтжановтың ұлттық құрамадан кетуі қоғамда кең талқыланып, дау-дамайға ұласқан. Әсіресе, оның қызы Еңлік Сәтжанованың Instagram желісіндегі резонансты мәлімдемесі көпшіліктің назарын аудартқан.

Реклама
Реклама