Кенеттен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановқа Land Cruiser сыйға берілді

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы экс-бас бапкері Қайрат Сәтжановқа федерация тарапынан қомақты сый-құрмет көрсетілді.

Кенеттен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановқа Land Cruiser сыйға берілді
Instagram/@boxingkazakhstan

Қызметтен не үшін және қашан босатылды?

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні тәжірибелі маман ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен күтпеген жерден босатылған еді. Мұндай шешім денсаулық жағдайына байланысты қабылданған.

Айта кетерлігі, Сәтжанов жетекшілік еткен кезеңде Қазақстан құрамасы былтыр халықаралық аренадан олжалы оралып, әлем чемпионатында жеті чемпион шығарған.

Астанада қандай сыйлық табысталды?

Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа елордадан үш бөлмелі пәтер кілтін және Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін табыстады.

Бұл қадам федерация тарапынан еңбек сіңірген бапкерге көрсетілген алғыс пен құрметтің белгісі ретінде бағаланып отыр.

Жаңа қызмет

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Сәтжанов жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір