"Ел аузында жүрсең клоунсың". Данияр Елеусінов ренішін білдірді

Сарапшы, спорт журналисі

Бәріне себеп - Олимпиада чемпионының «Мотиватормен» бірге түскен видеосы. Қоғам арасында қазір қызу талқыланып жатыр. 

"Ел аузында жүрсең клоунсың". Данияр Елеусінов ренішін білдірді
Vesti.kz

Қазақстандық спорт кеңістігінде тағы бір резонансты жағдай тіркелді. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен файтер Әнуарбек Бекембетов (лақап аты — «Мотиватор») сөзге келген сәті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. 

Шаштараздағы видео: қойылым ба, қақтығыс па?

Instagram желісінде жарияланған видеода Данияр Елеусінов шаштаразда отырғанда, ішке Әнуарбек «Мотиватор» кіріп келген бетте өзіне қызмет көрсетуді талап етеді. Алайда шаштараз Олимпиада чемпионына қызмет көрсетіп жатқанын айтқан сәтте жағдай ушыға түседі. Сөз қағысы күшейген кезде видео аяқталады. 

Видео астындағы пікірлерде қоғам екіге жарылды. Кейбір қолданушылар Елеусіновті қолдап, Олимпиада чемпионына құрметсіздік көрсетілгенін жазса, енді бір бөлігі бұл жағдайды арзан хайп деп бағалады.

«Сәл шаршамадыңыздар ма ағайын? Таза өтіріктен»

«Жақсы сценарий бірақ саған лайықты емес Данияр сен қазақты батыр ұлы мақтанышсың соны ұмытпа», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары. 

Осыған ренжісе керек, Данияр Елеусіновтің өзі де бұдан шет қалмай пікірін білдірді:

«Олимпийский чемпион медасферада активный болып ел аузында жүрсе бірден клоун болды деген не сұмдық. Өзіміздің жігіттерді де бағалап қолдау керек. Шет елде де тура осындай адамдар хайп жасап алтын шығарып жүрген біздің балалар сияқты сол. Сендер оларға ойбай ол американец қой деп қарайсыңдар.....», – деп жазды Данияр Елеусінов. 

Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде тағы бір даулы әрі батыл мәлімдеме жасады. Ол pop-MMA өкілдері Еркебұлан Тоқтар мен Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетовқа бір күнде қарсы шығуға дайын екенін айтты.

«Джордж Форман бір күннің ішінде төрт-бес боксшымен шыққан ғой... Мен бес қарсыласқа шығамын деп отырған жоқпын, бірақ Еркебуланмен шығайын, одан кейін сол күні бірден “Мотиватормен” жұдырықтасайын. Арасында аздаған үзіліспен. Бұған қалай қарайсыздар? Мұны кім ұйымдастыруға дайын? Мен дайынмын"!», – деген болатын Олимпиада. чемпионы. 

Оқи отырыңыздар: 

Айдос Медет 20 рет жеңіске жеткен боксшымен жұдырықтасады

Жанжалдан кейінгі күтпеген қадам: Федерация ұлттық құрамаға бокс аңыздарын не үшін шақырды?

"Заң бұзылған жоқ" — Таэквондо Федерациясының мәлімдемесі көп сұрақ тудырды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір