Реклама
Реклама

"100% дайынмын": Қазақстандық боксшы титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
02.02.2026, 11:58

7 ақпан күні Германияның Бад-Херсфельд қаласында Виктор Темиров жергілікті боксшы Доменик Арнольдпен (5-0, 2 КО) кездеседі. Жекпе-жекте WBF белбеуі сарапқа салынады. 

dknews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (9-0, 6 КО) алдағы титулдық айқасқа дайындығын толық аяқтағанын хабарлады. 

Титулдық жекпе-жек туралы

7 ақпан күні Германияның Бад-Херсфельд қаласында Виктор Темиров жергілікті боксшы Доменик Арнольдпен (5-0, 2 КО) кездеседі. Айқаста WBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

Осы ретте қазақстандық боксшы дайындық барысына қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.

"Дайындық процесі аяқталды. Дайындығым 100%. Енді қолғап киіп, рингке шығу ғана қалды", — деп жазды Виктор Темиров Instagram парақшасында. Ол жазбасына жаттығу залындағы спаррингтер мен дайындық сәттерінен видео да қоса жариялады.

Айта кетейік, Виктор Темиров соңғы жекпе-жегін 5 қыркүйекте Алматыда өткізді. Сол кезде үндістандық Сантош Баралиді (3-2, 2 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.

Оқи отырыңыздар: 

Ла Лига клубы "Қайсар" қызыққан "Челсидің" экс-ойыншысына таласпақ

Қазақстандық файтер қарсыласын тоғыз секундта талдырды

"Тұран" Чемпиондар лигасында кіммен ойнайды? Қарсылас белгілі

Реклама
Реклама