Реклама
Реклама

Жалғас Жұмағұлов күтпеген жерден UFC-ге мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:00

Отандасымыз Асу Алмабаевтың орнын басуға дайын екенін жеткізді. 

Vesti.kz

Бұрын UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов қысқа мерзім ішінде айқасуға дайын екенін растады. Дәлірек айтқанда, жарақат алған Асу Алмабаевтың орнын басып, Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуге ниетті. 

"Иә, мен Асудың орнына Мореномен жекпе-жекке шығуға қатысты өзім ұсынысты жасадым. Бұл туралы Саят та біледі, UFC матчмейкерлері де хабардар. Қазірдің өзінде алғашқы жаттығуды өткізіп үлгердім, енді ғана залдан шығып жатырмын", — деді Жұмағұлов.

Жекпе-жек жайлы

Еске салайық, Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мексикада өтетін UFC Fight Night 268 турнирінің басты жекпе-жегінде бұрынғы UFC чемпионы Брэндон Мореномен кездесуі тиіс еді. Алайда 2 ақпан күні Асудың спарринг кезінде қолын сындырып алғаны белгілі болып, жекпе-жекке қатыса алмайтын болды.

Алдағы шешім

Қазіргі таңда UFC тарапынан Асу Алмабаевтың орнын кім басатын жауынгер іздестірілуде. Жалғас Жұмағұловтан бөлек, британдық Лонир Кавананың есімі де аталып жатыр. 

Реклама
Реклама