Ирландиялық ММА жауынгері соңғы кездері Шавкаттың ескі жарақаты өршіп кетуіне байланысты әлеуметтік желіде жарақатты біраз сөз қылды. Бірақ, оқырмандардың арасында біршамасы қазақстандық спортшыны қолдап жатыр.
UFC-дің ирландиялық файтері Иэн Мачадо Гэрри өзінің бұрынғы қарсыласы Шавкат Рахмоновтың кезекті жарақаты туралы жаңалыққа екіұшты реакция білдірді.
Өткен аптаның соңында "Номадтың" тізе жарақаты қайта қозып, тағы 9–10 айға қатардан шығатыны белгілі болды. Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың соңында дәл осы Гэрриге қарсы өткізген еді. Ол кездесуден кейін ота жасатып, ұзақ уақытқа созылған оңалту кезеңінен өтті.
Шавкаттың денсаулығына қатысты жағымсыз жаңалықты Иэн Threads әлеуметтік желісінде мысқыл аралас жазбамен былай деп пікір білдірді:
"Біздің титулдық элиминаторда Шавкатты алып тастадық".

Кейінірек Гэрри Instagram Stories-те:
"Иэн Шавкаттың мансабын жойды"
деген жазуы бар видео жариялады. Бейнежазбада ирландиялық файтердің "Номадтың" тізесіне ауыр соққы жасаған сәті көрсетілген.
Алайда жанкүйерлердің көпшілігі Гэрридің бұл бравадасын құптамай, жазбаның астына түрлі пікір қалдырды:
Айта кетейік, кеше Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінен шығарылды. Бұған дейін ол бұл дивизионда екінші орында тұрған еді.