Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкиннің келісімшартында тағы бір жекпе-жек барын айтты.
Сарапшы ретінде Головкиннің мансабына қатысты сұраққа жауап берген Ерденбеков былай деді:
"Келісімшарт бойынша Головкиннің тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Егер жақсы ұсыныс түссе, Головкиннің "Final Show" (қоштасу айқасы) өтуі мүмкін. Қарсылас ретінде Флойд Мэйвезер де аталды".
Әңгіме барысында "Мэйвезер мен Головкин бе?" деген нақтылау сұрағына Ерденбеков:
"Иә, бұл жақсы болар еді, тіпті керемет!"
деп жауап берген. Дегенмен бұл мәлімдеме ресми аңдатпа емес, ықтимал сценарий ретінде айтылған пікір екенін атап өткен жөн.
Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтті. Ол кездесуде қазақстандық боксшы мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен трилогияның үшінші айқасында жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.
Бұған дейін Геннадий Головкин өзі де рингке қоштасу жекпе-жегі үшін оралуы мүмкін екенін айтып жүрген.