Реклама
Реклама

Махмұд Сабырхан Boxam Elite-2026 турнирінің алтыны үшін айқасады

Сарапшы, спорт журналисі
06.02.2026, 22:38

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін сенімді өткізді.

Instagram/@boxingkazakhstan

Үш раунд бойғы толық басымдық

Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта Үндістан өкілі Сингх Ядуманимен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің үш раундында да қазақстандық боксшының айқын басымдығы байқалды.

Нәтижесінде төрешілер шешімімен Махмұд Сабырхан бір ауыздан 5:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир финалына жолдама алды.

Сабырханның жетістіктері қандай?

Махмұд Сабырхан – әуесқой бокста әлемдік деңгейде мойындалған спортшы. Ол:

  • әлем чемпионы (2023, 2025)
  • әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021)
  • Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022)
  • Азия чемпионы (2024) деген атақтарға ие.

Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі 3–8 ақпан аралығында өтуде. Қазақстан бұл жарысқа ерлер және әйелдер санатында да қатысып жатыр.

Реклама
Реклама