7 ақпанда халықаралық Boxam Elite-2026 бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді. Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының да бірқатар өкілі алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
Финалдар Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ерлер және әйелдер құрамасынан жалпы 11 боксшы алтын үшін бақ сынайды. Оның ішінде екі финалда қазақстандықтар өзара кездеседі, яғни кемі бір салмақта еліміз “алтынды” ішкі бәсеке арқылы анықтайды.
Ерлер
Әйелдер
Boxam Elite-2026 жарысы 3 ақпанда басталды. Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы алғашқы ресми старт саналады.