Шавкат Рахмоновтың UFC октагонына қашан оралатыны айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын.

Шавкат Рахмоновтың UFC октагонына қашан оралатыны айтылды
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында UFC-дің жартылай орта салмағындағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) жарақаты мен қалпына келу мерзімі туралы айтты.

"Шавкаттың жарақаты бұрынғыдай, сол аяқ. Толық қалпына келуіне шамамен 6–7 ай қажет", – деді маман.

Айта кетейік, Рахмоновтың әзірге соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 310 турнирінде болды. Ол кездесуде "Номад" ирландиялық Иэн Гэрримен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ Алматыда өткен Naiza 80 турнирінде Шавкат Рахмоновтың балдақпен жүргені байқалған болатын.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір