Бүгін 11 қазақстандық Boxam Elite-2026 турнирінде "алтынға" таласады
7 ақпанда халықаралық Boxam Elite-2026 бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді. Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының да бірқатар өкілі алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
instagram/@boxingkazakhstan
Финалдар Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ерлер және әйелдер құрамасынан жалпы 11 боксшы алтын үшін бақ сынайды. Оның ішінде екі финалда қазақстандықтар өзара кездеседі, яғни кемі бір салмақта еліміз “алтынды” ішкі бәсеке арқылы анықтайды.
Ерлер
- 50 кг: Санжар Тәшкенбай — Исмаэль Маграуи Фриа (Испания)
- 55 кг: Махмұд Сабырхан — Эллис Троубридж (Англия)
- 70 кг: Төрехан Сабырхан — Дипак (Үндістан)
- 75 кг: Аман Қонысбеков — Акаш (Үндістан)
- 85 кг: Нұрбек Оралбай — Ариан Саид Панах (бейтарап спортшы)
- 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Эммануэль Рейес Пла (Испания)
- 90+ кг: Айбек Оралбай — Нұрасыл Асылхан (қазақстандықтар арасындағы финал)
Әйелдер
- 65 кг: Назерке Серік — Кайла Аллен (Англия)
- 80+ кг: Умида Садыкова — Панар Сейітханқызы (қазақстандықтар арасындағы финал)
Boxam Elite-2026 жарысы 3 ақпанда басталды. Бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы алғашқы ресми старт саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet