Қазақстандық ММА жауынгері тізе жарақатының рецидивіне байланысты октагонға шамамен тек 9-10 айдан кейін оралатыны белгілі болды.
UFC ұйымында жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шон Брэди Шавкат Рахмоновтың кезекті жарақаты туралы жаңалыққа қатысты эмоциясын жасырмады.
Жақында "Номадтың" ауыр жарақаты қайта асқынып, тағы 9–10 айға қатардан шығатыны белгілі болды. Осыған байланысты UFC қазақстандық файтерді рейтингтен алып тастады.
Шон Брэди бұл жағдайға өз подкастында пікір білдірді:
"Меніңше, ол үшін бәрі аяқталды. Шынымды айтсам, оны қатты аяймын. Ол 2024 жылдың соңынан бері, Иэнмен болған жекпе-жектен кейін мүлде төбелескен жоқ. 2025 жылдың барлығын өткізіп алды. Жуырда оны балдақпен, тізесіне фиксатор тағып жүргенін көрді. Шынымды айтсам, ол 2027 жылға дейін октагонға оралмайтын сияқты.
Мұндай жарақаттан кейін қалай қайта оралуға болады? Сен бұрынғыдай болмайсың. Қайта жаттығуға кірісудің өзі қорқынышты. Бұл – өте ауыр жағдай. UFC-де оған жеңіл жекпе-жектер бермейді, ол жақта "жұмсақ" камбэк болмайды", – деді Брэди.
Айта кетейік, өткен жылы Шон Брэди бірнеше рет Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған болатын.
Оқи отырыңыз: