Қазақ қызы қатысқан титулдық жекпе-жек нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Титулдық жекпе-жек американдық Cage fury fighting турнирінің аясында өтті.

Қазақ қызы қатысқан титулдық жекпе-жек нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстандық жауынгер қыз Аян Тұрсын (8-1) АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен аралас жекпе-жек бойынша Cage Fury Fighting Championships 150 турнирінде өнер көрсетті.

Турнир аясында Тұрсын жеңіліс көрмеген жапониялық Ариса Мацудамен (7-0) октагонға шықты. Бес раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Cage Fury FC лигасының аса жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Нәтижесінде бірінші раундта ауырту әдісін сәтті орындаған Ариса Мацуда жеңіске жетті.

Осылайша, жапониялық спортшы ММА-дегі кәсіби мансабында сегізінші жеңісін тіркеп, Cage Fury FC ұйымының жаңа чемпионы атанды. Ал Аян Тұрсын кәсіби деңгейде екінші рет жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, бұл жекпе-жек қазақстандық спортшы үшін америкалық промоушндағы алғашқы кездесу болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір