Реклама
Реклама

Қазақстандық файтердің айқасы мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:23

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің алғашқысында нокаут тіркелді.

Николай Веретенников. Фото: UFC

Қазақстандық файтер Николай Веретенников (13-7) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 266 турнирінде өнер көрсетті.

Отандасымыз жартылай орта салмақта UFC-дің тәжірибелі өкілі, америкалық Нико Прайспен (16-9) жекпе-жекке шықты. Үш раундқа жоспарланған кездесу бірінші раундта-ақ аяқталып, Веретенников қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша, Николай Веретенников кәсіби ММА мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Нико Прайс мансабындағы 10-шы жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, бұл Веретенниковтың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі. Қазіргі таңда оның әлемдегі ең ірі промоушндағы көрсеткіші — 2 жеңіс, 3 жеңіліс.

Ал 36 жастағы Нико Прайс UFC-де 20-шы рет октагонға шықты. Оның рекорды — 8 жеңіс, 10 жеңіліс, сондай-ақ екі жекпе-жек нәтижесі есепке алынбаған.

Оқи отырыңыз:

Реклама
Реклама