Реклама
Реклама

PFL-дегі жарқын дебют: Исбулаев рейтингте бесінші орынға көтерілді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:33

Қазақстандық файтер америкалық лигадағы мансабын жарқын жеңіспен бастаған болатын.

Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстандық ММА файтері Саламат Исбулаев (10-0) америкалық Professional Fighters League (PFL) промоушенінің жартылай жеңіл салмақ рейтингіне енді.

7 ақпанда Дубайда (БАӘ) өткен PFL Dubai турнирінде Исбулаев бірінші раундта лиганың бұрынғы чемпионы, перулық Хесус Пинедоны нокаутқа жіберді. Осы жеңістің арқасында қазақстандық спортшы дивизион рейтингіне қосылып, бірден бесінші орынға жайғасты.

PFL-дің жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі үздік үштігіне Тимур Хизриев, Эй Джей Макки және Исбулаевтан жеңілген Хесус Пинедо кіреді.

Айта кетейік, Пинедомен жекпе-жек Саламат Исбулаев үшін PFL-дегі алғашқы кездесу болды. Бұған дейін ол Alash Pride (Қазақстан) және JCK Kings (Қытай) лигаларында өнер көрсеткен.

Реклама
Реклама