Қазақстандық балуандар қоржынды медальге толтырып қайтты
23.02.2026, 16:10
Қазақстан құрамасы Беларусьтегі Гран-приде 14 медаль жеңіп алды.
BAQ.KZ
Беларусь астанасы Минскте күрестен даңқты балуан Александр Медведьті еске алуға арналған халықаралық Гран-при турнирі өтті. Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 14 медаль еншіледі.
Еркін күрес: бір алтын, екі күміс, жеті қола
Еркін күресте қазақстандық балуандар жүлделер қоржынын толтырды. Едіге Қасымбек (125 кг дейін) финалда қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді.
Күміс жүлдегерлер:
- Нұрлан Өтегенов (79 кг дейін)
- Дәулет Ергеш (86 кг дейін)
Қола медаль иегерлері:
- Мейіржан Аширов (74 кг дейін)
- Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг дейін)
- Ади Серікұлы (65 кг дейін)
- Начын Куулар (70 кг дейін)
- Санжар Досжанов (74 кг дейін)
- Нұркерім Ернияз (92 кг дейін)
- Бейбарыс Қасымбек (92 кг дейін)
Әйелдер күресі: төрт жүлде
Қазақстандық балуан қыздар да жүлдесіз қайтқан жоқ.
Күміс медаль:
- Лаура Ғаниқызы (50 кг дейін)
- Алина Ертөстік (76 кг дейін)
Қола медаль:
- Ирина Казюлина (68 кг дейін)
- Елена Шалыгина (68 кг дейін)
Александр Медведь атындағы Гран-при — күрес әлеміндегі беделді халықаралық жарыстардың бірі. Бұл турнир көптеген құрамалар үшін әлемдік және құрлықтық чемпионаттарға дайындықтың маңызды кезеңі саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама