Болгарияның София қаласындағы 77-ші халықаралық "Странджа" турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жеңіс түсті.
Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов аталмыш турнирдегі алғашқы жекпе-жегін 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өткізді. 1/16 финалда оның қарсыласы австриялық Арсен Чабян болды.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан (5:0) жеңісті Тоқтасыновқа берді. Айта кетерлігі, үшінші раундта рефери Чабянға нокдаун санап берді.
Бұл нәтиже Тоқтасыновқа жарыстың келесі кезеңіне шығуға мүмкіндік берді, ал қарсыласы турнирмен қоштасты. Сонымен қатар аталған жекпе-жек Қазақстан құрамасы үшін “Странджа-2026”-дағы алғашқы жеңіс болып тіркелді.
“Странджа-2026” Софияда 1 наурызда мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасының бұл жарысқа берген жалпы өтінімінде 39 спортшы бар: