Реклама
Реклама

Futures Cup турниріне баратын қазақстандық жас боксшылардың есімі шықты

Сарапшы, спорт журналисі
05.03.2026, 22:15

Бокстан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі (U-19) құрамасы Futures Cup халықаралық турниріне қатысады. Байрақты бәсеке алғаш рет Бангкокта өтпек. 

Instagram/@boxingkazakhstan

World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын турнир 8–15 наурыз аралығында өтеді. Жарыс жасөспірімдер мен жастар құрамасының әлеуетін шыңдауға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағаланып отыр.

Бапкерлер штабы ерлер арасындағы келесі боксшыларды бекітті:

  • 50 кг — Арман Мырсәбит
  • 55 кг — Едіге Нұрғожа
  • 60 кг — Досжан Жұмақан
  • 65 кг — Даниял Шалқарбай
  • 70 кг — Бибарыс Әшірбай
  • 75 кг — Хамза Мақсатұлы
  • 80 кг — Тимур Тайбеков
  • 85 кг — Нұрсұлтан Қыстаубай
  • 90 кг — Жалғас Өтебеков
  • +90 кг — Владислав Саможонов

Әйелдер құрамасына төмендегі боксшылар енді:

  • 48 кг — Асылай Мұрат
  • 51 кг — Айым Таңқыбаева
  • 54 кг — Марал Төлепберген
  • 57 кг — Ақнұр Тұрсынғали
  • 60 кг — Жасмин Абрамян
  • 65 кг — Айсұлу Мұхит
  • 70 кг — Камила Оспанова
  • 75 кг — Зарина Толыбай
  • 80 кг — Айдана Ұбайдуллақызы
Реклама
Реклама