Реклама
Реклама

Бақыт Сәрсекбаевтың шәкірттері Futures Cup-ты жарқын бастады: қарсыластарын аямаған боксшылар кімдер?

Сарапшы, спорт журналисі
08.03.2026, 18:53

World Boxing ұйымының қолдауымен Таиландта өтіп жатқан Futures Cup (U19) жастар турнирі Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.

sports24.kz

Марал Төлепберген Шотландия өкілін ұтты

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марал Төлепберген алғашқы жекпе-жегін шотландиялық Роси Суайлеспен өткізді.

Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қазақстандық қызға берді. Осылайша Марал турнирдегі алғашқы белесін сәтті еңсерді.

Досжан Жұмақан жекпе-жекті бірінші раундта аяқтады

60 келіге дейінгі салмақтағы Досжан Жұмақан 1/32 финалда кениялық Феликс Очиенго Ониангомен қолғап түйістірді.

Жасөспірімдер арасында Азия ойындарының чемпионы бұл кездесуде қарсыласынан әлдеқайда мықты екенін бірден аңғартты. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті бірінші раундта тоқтатып, жеңісті Жұмақанға берді.

Таиландтағы жастар арасындағы Future Cup турнирі 8-15 наурыз аралығында өтеді.

Реклама
Реклама