Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Таиландтағы турнирде қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
11.03.2026, 18:16

Таиланд астанасы Бангкоктегі Futures Cup 2026 U-19 халықаралық турнирінде Даниял Шалқарбай жарқын жеңіске жетті.

olympic.kz

Канадалық қарсыласын нокдаундарға жіберді

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Даниял Шалқарбай 1/16 финалда канадалық Сонни Мередитпен қарсыласты. 

Қазақстандық боксшы жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ айқын басымдық танытты. Канадалық екі мәрте нокдаунға түсіп, рингтегі деңгей айырмасы бірден байқалды.

Екінші үш минуттықта да Даниял қарсыласына қысымын үдетіп, шабуылын тоқтатпады. Кезекті ауыр соққыдан кейін Сонни Мередит тағы да нокдаунға түсті. Осы сәттен соң төреші айқасты тоқтатып, Даниял Шалқарбайға мерзімінен бұрын жеңіс берді.

Қазақстан құрамасының өзге нәтижелері қандай?

Бұған дейін дәл осы жарыста Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де рингке шыққан еді.

55 келіге дейінгі салмақта Едіге Нұрғожа Түрікменстан боксшысы Абдырасул Арслановқа төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді.

Ал 70 келіге дейінгі салмақтағы Бибарыс Әшірбай иорданиялық қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Суперауыр салмақтағы Владислав Саможонов та айқын басымдықпен жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына шықты.

Кешкі сессияда Арман Мірсәбит түрікменстандық Абдырахим Овезгулиевті мерзімінен бұрын жеңсе, Досжан Жұмақан өзбекстандық Бобомурод Боймирзаевтан басым түсті.

Реклама
Реклама