Айсұлу Мұхит Таиланд астанасы Бангкокте World Boxing ұйымының Futures Cup U-19 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.
Айсұлу Мұхит 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда австралиялық Тиана Рьюге қарсылас атанды. Отандасымыз рингте сенімді қимылдап, барлық тұсынан басым болды. Тіпті төрешіні есеп ашуға мәжбүр етті. Үш раунд қорытындысында Айсұлу Мұхит жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық боксшы ширек финалға шығып, жүлде үшін күресті жалғастырады.
Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарыс World Boxing аясында өтіп жатқан тарихи дода саналады.
Турнирде Қазақстан атынан ұлдар және қыздар құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Халықаралық бәсеке 15 наурызға дейін жалғасады.