Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Сарапшы, спорт журналисі
12.03.2026, 17:54

Қазақстандық кәсіпқой боксшы әлеуметтік желі арқылы келесі титулдық айқасының қашан өтетінін мәлімдеді.

Instagram/@janibek_alimkhanuly

“Qazaq Style” титулын желтоқсанда қорғамақ

Жәнібек Әлімханұлы Instagram stories парақшасында өз жанкүйерлеріне үндеу жасап, алдағы жоспарын жария етті. Қазақстандық боксшы желтоқсан айында чемпиондық белбеуін қорғауға шығатынын жеткізді. Ол жазбасында: “Qazaq Style” қазір WBO чемпионы. Желтоқсанда титулды қорғаймыз. Қазақ халқында чемпион бар!” деген мазмұнда мәлімдеме жасаған.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталғаны хабарланған еді. Осы жағдайдан кейін WBO қазақстандық боксшыны 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап кері күшпен есептелетін бір жылдық мерзімге өз санкциясындағы жекпе-жектерден шеттетті. Соған қарамастан ұйым оны чемпиондық атағынан айырған жоқ.

IBF белбеуінен айырылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Жәнібекке тиесілі болған IBF тұжырымының белбеуі сақталмады. Бұған оның белгіленген мерзімде титулды қорғай алмауы себеп болғаны айтылды. Ал WBO рейтингінде қазақстандық боксшы әлі де орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде көрсетіліп отыр.

Келесі қарсылас кім болуы мүмкін

WBO шешіміне сай, Жәнібек Әлімханұлы рингке оралғаннан кейін британдық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы уақытша WBO титулы үшін өтетін жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі тиіс. Бұл айқас 2026 жылғы 4 сәуірде Лондонда өтеді деп жоспарланған.

Реклама
Реклама