Төрешілер Қазақстан - Өзбекстан арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады
12.03.2026, 20:12
Тимур Тайбеков Бангкоктегі Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде Өзбекстан өкіліне қарсы тұрды.
фото ашық дереккөзден алынды
Финал жолдамасы үшін талас
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Тимур Тайбеков өзбекстандық Асилбек Абдусамадовпен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған жекпе-жек өте тартысты өтті. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Тимур Тайбековке берді. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері жарыстың келесі сатысына жолдама алды.
Futures Cup U-19 турнирі тарихта алғаш рет өтіп жатыр
Айта кетейік, World Boxing ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған Futures Cup турнирі алғаш рет өтіп жатыр. Бұл додаға 19 жасқа дейінгі боксшылар қатысып, өз елдерінің намысын қорғауда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама