Реклама
Реклама

Суперауыр салмақтағы отандасымыз нокаутпен финалға шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
12.03.2026, 19:31

Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов Бангкоктегі U-19 World Boxing Futures Cup халықаралық турнирінің жартылай финалында сенімді жеңіске жетті.

instagram/@boxingkazakhstan

Америкалық қарсыласын тоқтатты

Владислав Саможонов турнирде 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр. Жартылай финалда оған АҚШ өкілі Калеб Стюарт Рейд қарсылас атанды.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекте айқын басымдық танытты. Төреші бірінші және екінші раундта америкалыққа нокдаун санады. Ал үшінші раунд басталар алдында қарсыластың жарақатына байланысты кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осылайша жеңіс Владислав Саможоновқа беріліп, “алтын” үшін қолғап түйістіруге мүмкіндік алды. 

Қазақстан құрамасы тарихи турнирде жүлде жолында

Айта кетейік, World Boxing Futures Cup турнирі тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарысқа 19 жасқа дейінгі былғары қолғап шеберлері қатысуда.

Бангкоктегі байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының өкілдері сәтті өнер көрсетіп, жүлде үшін таласты жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама