Бибарыс Әшірбай Futures Cup халықаралық турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде америкалық Асанте Ламармен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті Бибарыс Әшірбайға берді — 3:2.
Осылайша қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде турнирдің қола жүлдесіне қол созды. Ал АҚШ өкілі Асанте Ламар жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Бибарыс Әшірбай бұған дейін Бангкокте екі кездесуін де мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның бірі қарсыласының дисквалификациясымен, екіншісі техникалық нокаутпен тәмамдалды.
World Boxing Futures Cup U-19 турнирі биыл тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жарыс 15 наурызға дейін жалғасады.