Нокауттар, бас тарту және жіберілген мүмкіндіктер: Қазақстан "Futures Cup"-та медаль үшін қалай айқасты?
Бангкоктегі жастар турнирінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға шықты.
Ерлер арасындағы нәтижелер
50 келі
- Арман Мірсәбит — Михаил Сидоренко (Украина) — 2:3
Қазақстандық боксшы тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен есе жіберді.
60 келі
- Досжан Жұмақан — Кристиан Харасник (Словакия) — Жұмаханның жеңісі
Словакиялық боксшы жекпе-жекке шықпағандықтан Досжан автоматты түрде келесі кезеңге өтті.
70 келі
- Бибарыс Әшірбай — Асанте Ламар (АҚШ) — 3:2
Қазақстандық былғары қолғап шебері өте тартысты кездесуде қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға шықты.
75 келі
- Хамза Мақсатұлы — Исфандиер Хасимов (Тәжікстан) — Хамза Мақсатұлының техникалық нокаутпен жеңісі
Хамза жекпе-жекті бірінші раундтың өзінде аяқтап, айқын басымдық танытты.
80 келі
- Тимур Тайбеков — Тронг Тиен Нгуен (Вьетнам) — Тайбековтың техникалық нокаутпен жеңісі
Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылып, қазақстандық боксшының жеңісі тіркелді.
85 келі
- Нұрсұлтан Қыстаубай — Жахонгир Рузибоев (Тәжікстан) — Қыстаубайдың техникалық нокаутпен жеңісі
Бұл кездесуде де қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ қарсыласын тоқтатты.
Қыздар арасындағы жекпе-жек қорытындылары
57 келі
- Ақнұр Тұрсынғали — Бесма Бахри (Алжир) — 4:0
Қазақстандық боксшы сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
60 келі
- Жасмин Абрамян — Лиз Тейссен (Нидерланды) — 1:4
Бұл кездесуде Жасмин төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
65 келі
- Айсұлу Мұхит — Лорин Элмор (АҚШ) — 0:5
Айсұлу Мұхит америкалық қарсыласына есе жіберіп, турнирдегі жорығын аяқтады.
Осылайша ширек финал қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қоржынға салды.