Реклама
Реклама

Бангкокте тағы бір қазақ боксшысының айбыны асты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
14.03.2026, 13:26

Қазақстан құрамасының өкілі Жалғас Өтебеков Бангкокта өтіп жатқан U-19 World Boxing Futures Cup турнирінің финалына жолдама алды.

sportilinet.kz

Финалға қалай шықты?

Таиланд астанасы Бангкокта ұйымдастырылған U-19 World Boxing Futures Cup турнирінде қазақстандық боксшы Жалғас Өтебеков жартылай финалда өнер көрсетті.

Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Самоа елінің өкілі Энтони Патимен қолғап түйістірді. Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде қазақстандық спортшы алғашқы минуттардан бастап басымдық танытты.

Толық бақылауда өткен жекпе-жек

Жалғас Өтебеков жекпе-жек барысында өзін өте сенімді ұстады. Ол алғашқы екі раундта қарсыласынан анық басым түсіп, шабуылда да, қорғаныста да сауатты әрекет етті. Қазақстандық былғары қолғап шебері рингтегі бақылауды толық өз қолына алып, жекпе-жек тағдырын ерте шешіп қойды деуге болады.

Қарсыласына мүмкіндік бермеген Өтебеков әр раундта өз үстемдігін көрсетіп, төрешілердің сеніміне толық ие болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Жалғас Өтебеков төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті — 5:0.

Реклама
Реклама