Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер ONE FC турнирінде екінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
14.03.2026, 14:47

Аралас жекпе-жек шебері Диас Өтеген ONE FC турниріндегі кезекті айқасында жеңіске жетті. Бангкоктегі жекпе-жекте перулік Маламбо Пелаэстан басым түсті.

Instagram/@otegen_dias77

Жекпе-жек қалай өтті?

Диас Өтеген айқас бойы өзін сенімді ұстап, қарсыласына мүмкіндік бермеуге тырысты. Үш раундқа созылған кездесуде тактикалық жағынан сауатты қимылдап, төрешілердің сеніміне ие болды.

Ақыры қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды. Бұл оның халықаралық промоушндегі кезекті сәтті жекпе-жегі болды.

Мансабындағы маңызды жеңіс

Осылайша Диас Өтеген кәсіби ММА мансабындағы төртінші жеңісіне жетті. Оның ішінде бұл — ONE FC лигасындағы екінші жеңісі.

Ал перулік Маламбо Пелаэс кәсіби мансабында екінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Диас Өтеген ONE FC ұйымындағы дебюттік жекпе-жегін биыл қаңтар айында өткізген еді. Сол кезде ресейлік Ахмед Рабадановты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

Реклама
Реклама