Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Альваресті басып озды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:56

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай World Boxing ұйымының жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылап, үздік үштікке енді.

Фото: Olympic.kz

Жаңа рейтингте қазақстандық боксшы үшінші орынға көтеріліп, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Эрисланди Альваресты артта қалдырды. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға әлемдегі ең мықты боксшылар қатарынан орын алуға мүмкіндік берді.

World Boxing рейтингі бойынша алғашқы орындар:

  1. Абдумалик Халоков - 2125 ұпай
  2. Асадхужа Муйдинхужаев - 2125 ұпай
  3. Айбек Оралбай - 1487,5 ұпай

Сондай-ақ үздік ондыққа Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан сынды қазақстандық боксшылар енді. World Boxing ұйымы жариялаған әлемдік рейтинг 2024-2026 жылдың басындағы нәтижелер негізінде жасалған. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлемдік аренада басымдық танытып отыр. 

Рейтинг қалай есептеледі?

World Boxing рейтингі арнайы жүйе бойынша құрастырылады.

  • Ұпайлар Олимпиада, әлем чемпионаты, құрлықтық жарыстар және Әлем кубогы нәтижелері арқылы беріліп, үш жылдық цикл бойынша есептеледі.

  • Жыл сайын ұпайлар азайып отырады:

    • 1 жылдан кейін - 25%

    • 2 жылдан кейін - 50%

    • 3 жылдан кейін - толық жойылады

Боксшылар бір уақытта төрт жарыстан артық ұпай жинай алмайды. 2026 жылғы алғашқы рейтингтік жарыс Азия чемпионаты. Ол Ұлан-Батыр қаласында 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында өтеді. Кейіннен Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір күндері  Әлем кубогы ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама