Асу Алмабаев алдағы айқасына дайындығын бастады

Сарапшы, спорт журналисі
26.03.2026, 11:13

Ол үшін аралас жекпе-жек шебері шетелге кетті. 

Zakon.kz

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегіне дайындығын пысықтау мақсатында шетелге аттанды. Ол оқу-жаттығу жиынын Осетияда өткізеді.

Бас бапкер Эдуард Базровтың жетекшілігімен жаттығу тобы бір аптадан бері осы өңірде дайындалып жатыр.

"Қазіргі уақытта команданың бас жаттықтырушысы Эдуард Базров жетекшілік ететін жаттығу тобы аталған өңірде бір аптадан бері толыққанды дайындық процесін жүргізуде. Енді бұл құрамға Асу Алмабаев қосылады", — деп хабарлады Dar Team.

Құрамада қазақстандық файтерлер де бар

Жаттығу жиынына қазақстандық бірнеше спортшы қатысады:

  • Санжар Әділов
  • Әліби Ыдырыс
  • Бекзат Қапашов

Бұл жиын тәжірибе алмасу және бірлескен дайындық форматында өтеді.

Еске салайық, Асу Алмабаев 1 наурыз күні UFC турнирінде Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда дайындық кезінде қолын сындырып алып жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Реклама
Реклама